Қазақстан ақпан мен наурызда мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

853

ОПЕК+ басқосуына байланысты мұнай бағасы қымбаттады.

Қазақстан ақпан мен наурызда мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

Қазақстан мен Ресей ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін ұлғайтады. Ұйымға қатысушы елдер қос мемлекетпен жеке шарт жасасты. Нәтижесінде, еліміз ақпан мен наурызда бұл көрсеткішті 75 мың баррельге арттырып, жалпы көлем тәулігіне 1,427 млн баррельді құрайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Айта кету керек, ОПЕК ұйымына қатысушы мемлекеттер қара алтынды игеру көлемін азайту туралы келісім мерзімін наурыз айына дейін созу туралы шешім қабылдады. Сауд Арабиясы ақпан мен наурызда мұнай өндірісін тәулігіне 8,5 млн баррельге дейін азайтады.

Қаперде болса, былтыр Мәскеу мен Эр-Рияд осы мәселе бойынша келісімге келе алмай, ақыры мұнай бағасы соңғы он жылда болмаған деңгейде құлдыраған болатын. Бірнеше аптаға созылған "текетірестен" кейін ОПЕК+ өндірушілері сәуір айының ортасында мұнай көлемін 9,7 млн баррельге дейін азайтуға келісті. Бұл ғаламдық мұнай өндірісінің оннан біріне пара-пар.

Мұнай нарығын зерттейтін Rystad Energy компаниясының басшысы Бьжорнар Тонхауген мұнай көлемі артса, мамыр айына дейін "қара алтын" құны тағы құлдырауы мүмкін деп болжайды. Алайда, ОПЕК+ басқосуына байланысты нарықта мұнай бағасының қымбаттағаны байқалады. Брент маркалы мұнайды наурыз айындағы фьючерсі әр баррельіне 53 доллар 14 центке дейін көтерілді. Ал, WTI-дің бағасы 50 долларға жақындады. Тура қазір оның әр баррельі 49 доллар 76 центтен сатылып жатыр.

Айта кету керек, WTI соңғы рет осы деңгейге былтырғы жылдың ақпанында көтерілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу