Қазақстан ақпанның бірінші жартысында Германияға мұнай жөнелтеді

"Қара алтын" тасымалы "Дружба" құбыры арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан ақпанның бірінші жартысында Германияға мұнай жөнелтеді Фото: 1prime.ru

Қазақстан ақпанның бірінші жартысында "Дружба" құбыры арқылы Германияға 20 мың тонна мұнайдың бірінші партиясын жөнелтеді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әзірге 20 мың тонна бірінші партияны ақпан айының бірінші жартысында тасымалдауды жоспарлап отырмыз", - деді Ақшолақов брифингте тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу