Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түспек – СІМ

816

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин бейнеконференц байланысы арқылы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісінің м.а. Дин Томпсонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түспек – СІМ

"Сұхбаттасушылар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету келешегін, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды, COVID-19 короновирусының таралуына қарсы тұруды, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты және "С5+1" диалогы шеңберінде Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды қоса, алғандағы  елдер арасындағы екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең спектрін талқылады", – деп жазылған хабарламада.

Тараптар ең жоғарғы және жоғары деңгейлерде байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын жеке атап өтті.

"Қазақстан Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды, біз өзара тиімді ынтымақтастығымызды достық пен өзара сыйластық рухында одан әрі сапалы тереңдетуге бейілділігімізді білдіреміз", – деді А.Рахметуллин әңгіме барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу