Қазақстан АҚШ-тың шешіміне алаңдаулы

2866

Қазақстан АҚШ-тың Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу туралы шешіміне байланысты алаңдаушылығын білдіреді.

Қазақстан АҚШ-тың шешіміне алаңдаулы

Оны денонсациялау жаңа жанталаса қарулануға әкелуі және жаһандық ауқымда ауыр салдары болуы мүмкін, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасы барлық тараптармен Шарттың сақталуын және мүлтіксіз орындалуын әрқашан қолдау көрсетіп, сондай-ақ ядролық қаруды тасымалдау құралдарының бүтін тобын жоюға және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың IV бабына сәйкес ядролық қарусыздануда елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Шарттың бірегей тарихи келісім ретінде бұлжымас құндылығын растайды",– делінген СІМ хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу