Қазақстан әлем бойынша экономикалық еркіндік индексінде 41 орынға жайғасты

709

 Қазақстан әлем бойынша экономикалық еркіндік индексінде 41 орынға жайғасты

АҚШ-тың The Heritage Foundation зерттеу орталығы мен The Wall Street Journal газеті дүниежүзілік экономикалық еркіндік рейтингін жариялады. Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көш бастап, әлем бойынша экономикалық еркіндік индексінде 41 орынға жайғасты, деп хабарлайды abctv.kz.

Зерттеу жүргізгендердің мәліметінше, біздің ел түрлі көрсеткіш бойынша мүмкін болған 100 ұпайдың 69,1-ін еншілеген.  

"Қазақстан Азия тынық мұхит аймағындағы 43 елдің ішінде 11 орында тұр, ал жалпы жинаған ұпайы аймақтық және әлемдік көрсеткіш бойынша ортадан жоғары", – деп жазылған зерттеу орталығының баяндамасында.

Айтқандайын, Гонконг биыл 24 рет әлемдегі экономикасы ең еркін аумақ деп танылды. Сингапур екінші орынды иеленсе, Жаңа Зеландия үшінші болды. Үздік ондыққа Швейцария, Аустралия, Ирландия, Эстония, Ұлыбритания, Канада және БАӘ енді. Ал Конго, Куба, Венесуэла және Солтүстік Корея көштің соңында қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу