Қазақстан әлемдегі экономикасы ең ірі ТОП-50 елдің сапына енді

Мемлекетіміз – Орталық Азия бойынша бұл көрсеткішке жеткен жалғыз ел.

Қазақстан әлемдегі экономикасы ең ірі ТОП-50 елдің сапына енді Фото: Zakon.kz

Мұнан өзге Қазақстан орташа жылдық нақты ЖІӨ өсімі бойынша алғашқы бес елдің қатарынан көрініп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұны 5 қаңтарда Visual Capitalist порталы жариялаған ХВҚ деректерінен байқауға болады. Осылайша, әлемдегі ең ірі 50 экономиканың ЖІӨ деректері мен 2000 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңдегі орташа жылдық нақты ЖІӨ өсу қарқынына сәйкес еліміз ерекше жетістікке жеткен. 

Экономикасы 30,6 трлн долларға бағаланған Америка Құрама Штаттары даусыз әлемдік экономикалық алып ел болып қалды және бұл көшбасшылықты алдағы көптеген жыл бойы сақтайды деп болжанды. 

Ең ірі 5 экономиканың қатарына Қытай, Германия, Жапония және Үндістан кірді.

АҚШ-тың үстемдігіне қарамастан, көптеген ел, соның арасында Қазақстан да бар, өсу қарқыны мен даму динамикасы бойынша одан асып түсті. Соңғы 25 жылда Құрама Штаттардың нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 2,1% болды. Осы арада Қытай 2000 жылдан бері жылына орта есеппен 8%-дық нақты ЖІӨ өсімін көрсетіп отыр. 

2000-2025 жылдар аралығындағы кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Қытай, Үндістан, Вьетнам және Бангладешпен бірге 5,6% болған нақты ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны бойынша алғашқы бес елдің қатарын толықтырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу