Қазақстан әлемдегі ең үлкен B2B платформада павильон ашты

1309

Alibaba платформасында Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылу салтанатына мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан әлемдегі ең үлкен B2B платформада павильон ашты

Жиында сөз сөйлеген Сауда вице-министрі Қайрат Төребаев бүгінде электронды коммерция қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Alibaba-мен ынтымақтастықтың арқасында көптеген қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға сату құралы ретінде электронды коммерция арналарын игерді.

"Alibaba сайтында ел павильонының ашылуы – платформада орналастырылған Қазақстан өнімдеріне шетелдік сатып алушылар тарапынан сұраныстың артқанын көрсетеді", – деді вице-министр. 

"QazTrade" АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы бұл жүйе отандық компанияларды әлемдік нарыққа шығару құралы ретінде өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

"Электрондық платформаларда сауда жасауды үйренетін компаниялар үшін бұл өте қажет. Себебі сатылымдар саны артады", – деді Азамат Асқарұлы.

Ел павильонында "алтын жеткізуші" мәртебесіндегі 130 отандық компания бар, олар 7500-ден астам өнімін сатылымға шығарды.

"Мен Қазақстанның Ұлттық павильоны жобасын жүзеге асыруға жауаптымын. Ұлттық павильон – белгілі бір елге тән салалар мен өнімдерді көрсететін платформаның жеке бөлімі. Оның дизайны Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді. Alibaba-дағы жеке павильонның көмегімен әлемнің 200 елінен келген кәсіпкерлер Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықтың әлеуеті туралы біле алатынына сенімдіміз", – деді Alibaba өкілі Алина.

Оның айтуынша, платформаның кейбір санаттары қазірдің өзінде сұранысқа ие.

Осылайша, Қазақстан ЕАЭО және ТМД-дағы Alibaba.com сайтында павильоны бар екінші мемлекет болды. Бұған дейін платформада Ресей бөлімі ашылған болатын.  

2021 жылы компанияларды платформаға шығару бойынша оператор "QazTrade" АҚ мен Alibaba платформа арқылы қазақстандық тауарларды әлемдік нарықтар жылжыту және ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.  

2019 жылдан бері Alibaba.com платформасына тіркелу үшін отандық 200 компания мемлекеттік қолдауға ие болды.

Қазіргі уақытта платформадағы компаниялардың жалпы сатылымы 167,7 млн долларды құрайды. Қытайдан, Македониядан, БАӘ-ден, Оманнан, ЕАЭО елдерінен және Орталық Азиядан келген шетелдік сатып алушылар пластикалық ойыншықтар, фильтрлер, электр жабдықтары, тоқыма бұйымдары, май, астық өнімдері, бал және мұздатылған ет сияқты өнімдерге қызығушылық танытты.

Айта кететіні, Alibaba – 106 млрд АҚШ долларын құрайтын айналымы бар жетекші қытайлық платформа. Оның негізгі қызметі бизнестен бизнеске B2B саудасы және онлайн бөлшек сауда болып табылады.

Қазіргі уақытта Alibaba.com сайтына шығарылатын 46 компания таңдалды, келісім-шарттар жасалды, платформада тіркеу аяқталды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу