Алматы Gault& Millau гастрономиялық гидін әзірлеу бойынша ресми келісімшартқа қол қойды, ал Астана ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Gault& Millau Michelin және World’s 50 Best Restaurants-пен қатар әлемдегі ең беделді гастрономиялық рейтингтердің үштігіне кіреді. Бүгінде гид әлемнің 21 елінде ұсынылған және 16 000-нан астам мейрамхананы қамтиды", — деп хабарлады "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Gault& Millau халықаралық тәуелсіз инспекторлары Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлерге анонимді бағалау жүргізеді. Үздік мекемелер бірден беске дейінгі "toques" — аспаз қалпақтары жүйесі бойынша рейтинг алады. Инспекция нәтижесінде ағылшын тіліндегі баспа гиді жарық көреді, цифрлық платформа іске қосылып, үздік аспаздар, кондитерлер және hospitality индустриясының өкілдерін марапаттау рәсімі өтеді.