Қазақстан әлемдік "Төлқұжаттар индексінде" 68-орында

1255

Халықаралық консалтингтік Henley & Partners компаниясы төлқұжаттары визасыз саяхаттауға мүмкіндік бретін елдер рейтингін жариялады. 

Қазақстан әлемдік "Төлқұжаттар индексінде" 68-орында

Аталған индекстің бірінші сатысы Жапония мен Сингапурге тиесілі. Бұл елдердің төлқұжатымен визасыз 190 мемлекетке баруға болады.  Екінші орында Германия, Финляндия мен Оңтүстік Корея. Аталған елдердің азаматтары еш кедергісіз 188 елге саяхаттай алады. Ал тізімнің үшінші сатысында 187 бағыт көрсеткішімен Дания, Италия, Люксембург тұр.

Рейтинг үш айда бір жаңартылып отырады. Осы жолы Біріккен Араб Әмірліктері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Себебі аталған ел бірнеше Африка мемлекеттеріне визасыз бару мүмкіндіктеріне ие болды. Нәтижесінде тізімдегі жиырмасыншы орыннан он бесінші сатыға көтерілді. Ал 2014 жылы аталған индексте бірінші тұрған Ұлыбритания мен АҚШ осы жолы алтыншы орында.

Ал Қазақстан бұл рейтингте бір сатыға жоғары көтеріліп, 68-орынға жайғасты. Алайда отандастарымыз үшін визасыз баруға болатын елдер саны өзгерген жоқ. Яғни біздің төлқұжат әдеттегідей 75 елге визасыз кіруге мүмкіндік береді. Бұл тізімде еліміздің жоғары жылжуы басқа мемлекеттердің төмендеуі әсерінен болған.

Жалпы соңғы үш айда біздің көршілеріміздің де индекстегі орны айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Мәселен, Әзербайжан сол күй 66-орында. Henley & Partners жасаған индекстің 107- сатысы, яғни, ең соңғы орын - Ауғанстанға тиесілі. Саяси ахуалы тұрақсыз ел азаматтары визасыз бар болғаны 25 мемлекетке бара алады.

 Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу