Қазақстан әлемдік жарнама рейтингінде 4-орыннан табылды

1133

Қазақстан әлемдік жарнама рейтингінде 4-орыннан табылды

BestAds On TV рейтингісіне сәйкес, Cheil Kazakhstan жұмыстары ең креативті деп танылған әлемдік деңгейдегі беделді жарнама агенттіктерінің  қатарынан табылды.

Cheil Kazakhstan Epica Awards, Creativity International Awards, Golden Hammer,  White Square және т. б. халықаралық фестивальдарда елеулі марапаттарға ие болған бірқатар жарнамалық жұмыстардың арқасында көзге түсті. 

"Біздің агенттік бірнеше рет креативті жарнаманың халықаралық байқауларына Қазақстан атынан қатысып, алдыңғы қатарлы орындарға да ие болып жүрді. Оның құпиясы қарапайым. Еліміздің өзіндік ерекшелігі және өз шындығы болғанымен,  Қазақстанға да, басқаға да маңызды жалпыхалықтық, ортақ  тақырыптарға мән берген дұрыс", – дейді Cheil Kazakhstan-ның тұтынушылар мен жұмыс бойынша директоры Дәурен Жүсіпов.

Айта кетсек, Bestadsontv.com  порталы  әр апта сайын әлем бойынша ең үздік  жарнамалық жұмыстарды, сондай-ақ ТВ-бейнебаяндар, принттер, радио, сыртқы жарнамаларды таңдап, түрлі кәсіби мамандарға оларды бағалауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу