Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынды

405

Дауыс беру қорытындысы бойынша 158 мемлекеттің 78 дауысына ие болды.

Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынды Фото: gov.kz

20 қарашада Монреаль қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 43-ші кезектен тыс сессиясы аясында ИКАО Кеңесіндегі қосымша төрт орынға сайлау өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынып, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс берген 158 мемлекеттің 78 дауысына ие болып, бесінші орынға орналасты.

Кеңес құрамына Эфиопия, Түркия, Оман және Индонезия сайланды. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50(а) бабына түзету енгізу туралы хаттаманың 2026 жылғы 12 маусымда күшіне енуіне байланысты ИКАО Кеңесіндегі мемлекеттер саны 36-дан 40-қа дейін ұлғайды.

Жаңартылған құрамдағы Кеңес 2028 жылы ИКАО Ассамблеясының 44-ші сессиясында өтетін келесі сайлауға дейін өз қызметін атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу