Қазақстан алтын қоры бойынша - 18 орында

1647

 Қазақстан алтын қоры бойынша - 18 орында


Еліміз алтын қоры бойынша әлемде 18 орында. Бүкіләлемдік алтын кеңесінің 1-ші желтоқсандағы мәліметі бойынша Қазақстанда 291 тонна алтын бар екен. Бұл дегеніміз әлемдегі өзге мемлекет қорларының 37,5%-ын құрайды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылы Ұлттық банктің қорында бағалы металл жиынтығы 258 тонна болған.  Бұл көрсеткіш 2014 жылы 191 тоннаны құраған екен.  Ал, қазіргі уақытта алтын қоры бойынша әлемде АҚШ топ бастап тұр, оларда 8 мың 133 тонна бағалы метал бар. Көршілес Ресей болса 1 801 тонна алтынмен 7 орынға жайғасқан. Қытай болса 1842 тонна алтын жинапты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу