Қазақстан Алтын Орда тарихын қалпына келтіру үшін Ватикан мұрағаттарына қол жеткізуге келісті

1062

Қазақстан Алтын Орда тарихын қалпына келтіру үшін Ватикан мұрағаттарына қол жеткізуге келісті, деп хабарлады inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Алтын Орда тарихын қалпына келтіру үшін Ватикан мұрағаттарына қол жеткізуге келісті

"ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостол мұрағаты және Ватикан Апостол кітапханасы арасында ғылыми және мәдени салаларда өзара іс-қимылды орнату мақсатында ниеттер туралы хатқа қол қойылды. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан Түркі әлемі мен Еуропаның өзара қарым-қатынасы туралы латын, ерте неміс және скандинав тілдеріндегі бұрын жарияланбаған дереккөздерді іздестіруге, сондай-ақ Алтын Орданың шынайы тарихын қалпына келтіру үшін мұрағат материалдарын зерделеуге ниетті", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Ватикан мемлекетіне ресми сапарының екінші күні Қасиетті Тақтың мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы архиепископ Пол Ричард Галлахермен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында екі сыртқы саяси ведомство басшылары Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы шарт-құқықтық базаны кеңейту және ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде "University Medical Center" корпоративтік қоры мен "Bambino Gesu" педиатриялық госпиталі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу