Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді

157

Екінші тоқсанда елдің алтын қоры 15 тоннаға ұлғайды.   

Қазақстан алтын сатып алу бойынша көшбасшы елдердің қатарына енді Фото: kazpravda.kz

Қазақстан алтын сатып алу жағынан әлемдегі көшбасшы бес елдің қатарына енді. Көш басында Польша тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Одан кейін Қытай мен Өзбекстан бар.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері әлемнің орталық банктері шамамен 289 тонна алтын сатып алған. Бұл өткен жылмен  салыстырғанда 62 пайызға көп.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, алтынға сұраныстың артуына геосаяси тұрақсыздық, бағаның арзандауы және қорларын әртараптандыруға ұмтылысы әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу