Қазақстан алтын сатып алудан көш бастады

1248

Мамыр айында Ұлттық банктің қоры 7 тоннаға ұлғайған.  

Қазақстан алтын сатып алудан көш бастады Фото: inform.kz

Әлем елдерінің орталық банктері мамыр айында 20 мың тоннадан астам алтын сатып алды. Ең көп алтын сатып алған елдердің көш басында Қазақстан тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты World Gold Council бөліскен мәліметке сілтеме жасап.

Ең белсенді сатып алушы – Қазақстан Ұлттық банкі. Ол алтын қорын 7,4 тоннаға арттырған.

Алдыңғы қатарға енген елдер қатарында:

  • Түркия – 6,4 тонна,
  • Польша – 6,2 тонна,
  • Қытай – 1,9 тонна,
  • Чехия – 1,6 тонна,
  • Қырғызстан – 1,3 тонна,
  • Камбоджа – 1 тонна.

Өзге елдер 1 тоннадан аз алтын сатып алған. Сонымен қатар алтынды ең көп сатқан ел – Сингапурдың орталық банкі болды.

Сарапшылардың пікірінше, алтын саудасының артуына Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдай ықпал етіп отыр. Яғни геосаяси ахуал күрделенген сайын әр мемлекет өз резервін сақтап қалуға, экономикалық тұрақтылыққа талпынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу