Қазақстан антидопинг ережесін ең көп бұзған елдер қатарында тұр

853

Қазақстан антидопинг ережесін ең көп бұзған елдер қатарында тұр

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) допинг дауына байланысты жаңа ережелер қабылдауда, деп хабарлайды vesti.kz.

Соның салқыны қазақстандық ауыр атлеттерге де тиіп тұр. Күні кеше Reuters басылымы IWF ережелеріне қатысты жаңа деректер жариялады. Онда 2008 жылдан 2018 жылға дейін антидопинг ережесін ең көп бұзған елдерге қатысты шешімнің бір ұшы айтылған. Бұл аралықта спортшылары допингпен ұсталған құрамалар қатарын Ресей, Қазақстан, Армения, Әзербайжан мен Беларусь елінің спортшылары бастап тұр.

Басылым ақпараты бойынша, жоғарыда аталған 5 мемлекет Токио Олимпиадасына 2 спортшыдан ғана қатыстыра алады. Яғни бір ер және бір әйел спортшы. Ал 2020 жылдың сәуір айына дейін бұл ел спортшылары тағы бір допингпен ұсталса, Олимпиада ойындарынан шеттетіледі.

2008 жылдан бері оннан асық, жиырмаға жуық рет антидопинг ережесін бұзған құрамалардан Токио Олимпиадасына 4 спортшы (екі – ер, екі – әйел) қатыса алады. Бұл санатқа 10 елдің тізімі енген. Арасында Болгария, Иран мен Үндістан құрамалары бар. Ал ереже бұзу көрсеткіші 10-ға жетпеген құрамалар 8 спортшыдан (ерлер мен әйелдер теңдей) алып барады.

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) жаңа ережелері мен талаптарын Халықаралық Олимпиада комитеті (IOC) мен көптеген елдердің федерациялары қолдауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу