Алғашқы мұнай партиясы 15 тамызда жөнелтілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тамыз айында Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға барлығы 35 мың тонна мұнай өткізілді. Ресей мұнайы магистральдық құбырлар жүйесі арқылы "ҚазТрансОйлдың" "Шағыр" мұнай құю пунктіне жеткізіліп, одан әрі теміржол цистерналарына тиеледі.
Компанияның хабарлауынша, жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан арқылы мұнай тасымалдаудың жаңа бағытын ашып, транзиттік қызмет түрлерін кеңейтеді.
"ҚазТрансОйл" – магистральдық мұнай құбырларының ұлттық операторы. Компанияның басқаруындағы құбыр желісінің жалпы ұзындығы 5,4 мың шақырымды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу