Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті 25%-ға өсті

1092

ҚТЖ мәліметіне сүенсек, биылғы 10 айда Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдар 880 мың жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) құраған. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті 25%-ға өсті

Жалпы Қазақстан аумағы арқылы темір жол көлігімен жүк транзиті өткен жыл деңгейіне сәйкес келеді.

Жүк тасымалының танымал бағыттарының бірі Қытай-Еуропа-Қытай. Қаңтар-қазан айларында осы бағыттағы тасымалдар көлемі өткен жылға қарағанда 36%-ға өскен.

"Каспий өңірінің порттары арқылы жүк тасымалдау биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға ұлғайды және де 4,6 млн тоннаны құрады. Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 15%-ға (2,9 млн.тоннадан астам) асып түсті. Теңіз порттары арқылы астық экспорты 2021 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда 56%-ға артып, 1,2 млн тоннадан асты", – деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу