Қазақстан арқылы ресейлік астықты заңсыз экспорттағандар анықталды

1407

Астықты жеңілдетілген тарифпен тасымалдау үшін ресейлік өнімді қазақстандық деп алдаған.  

Қазақстан арқылы ресейлік астықты заңсыз экспорттағандар анықталды Фото: egemen.kz

Павлодар облысында дәнді-дақыл саудасымен айналысатын жеке компания осындай құйтырқы әрекетке барған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жеке серіктестік 2021-2022 жылдар аралығында 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан мен Тәжікстанға жалған жолмен экспорттаған. Компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған. Осылайша транзиттік тарифтен жалтарып, "ҚТЖ Жүк тасымалы" ЖШС шығынға батырды", - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу