"Қазақстан аруы-2000" жеңімпазының неден қайтыс болғаны белгілі болды

442

Актриса соңғы рет сахнада 24 қыркүйекте өнер көрсеткен.  

"Қазақстан аруы-2000" жеңімпазының неден қайтыс болғаны белгілі болды Фото: www.kp.ru

Ресейлік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Наталья Семагода (Стешенко) тромбоэмболия анықталды, деп жазады inbusiness.kz "Московский комсомолец" сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 28 қараша күні сағат 15.00 шамасында жедел жәрдем қызметі шақырылды. Актрисаның 10 жасар ұлы көршілерінен көмек сұрап барған. Наталья Семаго кенеттен есінен танып қалған. Дәрігерлер оған көмектесуге үлгермеген.

Наталья Семаго 3 желтоқсанда 38 жасқа толар еді.

Айта кету керек, осыған дейін Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауы жеңімпазының денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу