Қазақстан астығы сыртқы нарықта серпін алды: экспорт көлемі күрт өсті

312

Сұраныстың артуы негізгі импорттаушы елдерде жеткізілімнің айтарлықтай ұлғаюына түрткі болды.  

Қазақстан астығы сыртқы нарықта серпін алды: экспорт көлемі күрт өсті Фото: kaz.people.cn

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамырына дейін Қазақстаннан астық пен ұн экспорты айтарлықтай артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған кезеңде астық эквивалентіндегі жалпы экспорт көлемі 12,2 млн тоннаға жетті. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары көрсеткіш. Ол кезде шетелге 10,7 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі жөнелтілген болатын.

Экспорт өсімінің негізгі драйверлері – Орталық Азия елдері мен Ауғанстан. Атап айтқанда, Өзбекстанға жөнелтілген өнім көлемі 38%-ға артып, 5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,5 есеге өсіп, 474 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ал Ауғанстанға жеткізілім 58%-ға көбейіп, 2 млн тонна деңгейіне жеткен. Түрікменстан да импорт көлемін арттырып, 197 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға жоғары.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сыртқы нарықтағы тұрақты сұранысты және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тиімді жұмысын көрсетеді. Сонымен қатар, экспорттық инфрақұрылымды дамыту мен халықаралық сауда байланыстарын кеңейту шараларының нәтижесін айқындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу