Қазақстан атынан "Әлем аруы – 2025" байқауына Дана Алмасова қатысады

197

"Әлем аруы – 2025" байқауы 19-21 қараша күндері Бангкокта өтеді.

Қазақстан атынан "Әлем аруы – 2025" байқауына Дана Алмасова қатысады Фото: missqazaqstan.kz

Қостанай қаласының тумасы, 20 жастағы Дана Алмасова 2024 жылы "Қазақстан аруы" атағын иеленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық. 19 қарашаға дейін Дана ауқымды дайындықтан өтеді – жаттығулар, репетициялар және түрлі жарқын шаралар жоспарланған. Барлық жаңалықтарды біз әлеуметтік желідегі парақшамызға жариялап отырамыз", – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Байқау ұлттық костюмдер көрсетілімімен ашылып, финалдық кезең 21 қараша күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу