Қазақстан әуежайларында Uzbekistan Airways рейстері отынмен қамтамасыз етіледі

109

"ҚазМұнайГаз-Аэро" серіктестігі Өзбекстанның ұлттық авиакомпаниясымен жанармай құю бойынша шарт жасасты.  

Қазақстан әуежайларында Uzbekistan Airways рейстері отынмен қамтамасыз етіледі Фото: fergana.agency

Бұл ынтымақтастық халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес Қазақстан әуежайларында авиатасымалдаушы компаниясының тұрақты рейстерін авиаотынмен қамтамасыз етуді көздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Uzbekistan Airways Ташкентті Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың ірі қалаларымен байланыстыра отырып, тұрақты жолаушы рейстерін орындайды.

Шартқа қол қою ҚМГ-Аэроның азаматтық авиация саласындағы халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейтудегі кезекті қадамы болды.

Жалпы, іске асырылып жатқан шаралар – Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанға шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу