Әлемде күнде болып жатқан маңызды оқиғалар көп-ақ. Бірақ солардың талайы Украинадағы соғыстың барысы жайлы хабарлардың тасасында қалып, аса еленбей қалатыны да рас. Украина шабуылға шығуға шақ тұр деген сөз тарап жатыр. Ал мұндай хабарлар өзге оқиғаларды көмкеріп, тіпті көмескілендіріп те жіберсе керек.
Мысалы, бүгінде Ауғанстан тақырыбы алғашқы кездегідей өзекті болмай қалған сияқты. Ол жақта ахуал әлі жақсарған жоқ. Тәліптердің билікке келгеніне оншақты ай өтсе де өзгеріп жатқан ештеңе көрінбейді. Халық жетіспеушілік пен жұмыссыздықтың қыспағынан шыға алмай келеді.
Тәліптер әлеммен тіл табысқысы келгенімен, олардың билігі мен режимін мойындап жатқан ел жоқ. Себебі Ауғанстан әлі күнге радикалдық ұйымдардың еркін жүріп-тұратын жері күйінде қалған.