Қазақстан Ауғанстанда мұнай өндіруді көздеп отыр

1127

Мұндай мәлімет Алматыда екі ел арасында өтіп жатқан бизнес форум барысында белгілі болды.

Қазақстан Ауғанстанда мұнай өндіруді көздеп отыр

Қазақстан Ауғанстанда мұнай өндірісі саласын жетілдіру үшін аталған мемлекетке 1,5 миллиард доллар инвестиция құюы мүмкін. Бұл туралы аталған мемлекеттің Қазақстандағы елшісі Мұхаммад Фархад Аземи хабарлады.

Мұндай мәлімет Алматыда екі ел арасында өтіп жатқан бизнес форум барысында белгілі болды. Аталған басқосуға Ауғанстаннан бірқатар бизнесмен келіп, жергілікті билікті өз өнімдерімен таныстырды. Бұдан бөлек қонақ болып келген елдің ресми өкілдері тау-кен өнідірісі және мұнай сегментінде өз қауқарларын көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Естеріңізде болса Ауғанстанға инвестиция құю туралы алғашқы ақпаратты биылғы жылдың наурыз айында индустрия және инфрақұрылымдық даму миинстрі  Тимур Тоқтабаев хабарлаған. Ол кезде "Қазмұнай газ", "Қазгеология" компанияларды осы елде жасалатын жобалар бойынша бірақатар кездесулер өткізілетін айтылған. Сондай-ақ, айта кету керек, қазір екі ел арасындағы тауар айналымы 520 миллион долларға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу