Қазақстан Ауғанстанға кезекті гуманитарлық көмек жеткізді

157

Қазақстаннан Ауғанстан халқына арналған гуманитарлық көмектің екінші бөлігі діттеген жеріне жетті.  

Қазақстан Ауғанстанға кезекті гуманитарлық көмек жеткізді Фото: primeminister.kz

Көмекті тапсыру рәсімі Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапары барысында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қазақстан делегациясын бастап барған вице-премьер ауғанстандық әріптесі Абдул Ғани Барадармен кездесті.

Естеріңізде болса, биыл наурыз айында Алматыда БҰҰ аймақтық орталығы ашылған. Серік Жұманғарин бұл орталықты құрудағы негізгі мақсат – Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен әлеуметтік-экономикалық және іскерлік ынтымақтастығын жандандыру екенін айтты. Еліміз Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді.

Былтыр екіжақты тауар айналымын 3 млрд долларға ұлғайту жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ, вице-премьер Ауғанстанға отандық автобустарды жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Кабулда Қазақстанның сауда үйін ашу жайында ұсыныс айтты. Абдул Ғани Барадар бұл идеяны қолдап, ауған тарапы да біздің елде сауда базарын ашқысы келетінін жеткізді.

Сапар аясында Серік Жұманғарин Ауғанстанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Наджибулла Хакканимен кездесті. Қазақстандық компаниялар Ауғанстандағы инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық жобаларға атсалысуға ниетті екенін атап өтті. Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің өзара тауар айналымын әртараптандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу