Қазақстан аумағынан 967 шетелдік шығарылды

1021

Қазақстан аумағынан 967 шетелдік шығарылды

Астана қаласының мамандандырыл­ған аудан­аралық әкім­шілік соты осы жылдың бірінші жарты жылдығына арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды elorda.info.

Сот төрағасы Уәлихан Рахматуллаевтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта 16498 іс қаралған. Оның 15857-сі жеке тұлғаға қатыс­ты қаралған әкімшілік іс болып саналады.

"Ескерту шаралары бо­йынша 137 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 11806 жеке тұлғаларға қатысты айыппұл салынды. Ал 399 адам қамауға алынса, 1767 адам көлік құралдарын жүр­гізу құқығынан айыру түрі ретінде жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, заңдылықты бұз­­ғаны үшін 967 шетелдік Қазақ­стан республикасынан шы­ғарылып, 780 іс тоқтатылған. Бұдан бөлек, ӘҚБК 44 тарауы бойынша 305 іске шағым түскен және 47 тарауы бо­йынша 22 шағым келтірілген. Сонымен қатар, ӘҚБК 434 бабына қатысты істердің саны өсіп отыр", – дейді ол.

Уәлихан Ғабитұлының айтуынша, мемлекеттік органдардың іс-әрекетте­ріне 119 шағым келіп түс­кен. Оның 532 апелля­ция­­лық шағымдар мен на­разы азаматтардың ары­зы болып саналады. Сөз соңында сот төрағасы БАҚ өкілдеріне алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниетті екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу