Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды

810

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.  

Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс майын әкетуге 2022 жылғы 18 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 тамызды қоса алған  аралықта қолданылатын сандық шектеулер (квоталау) енгізілгенін хабарлайды”, – деп жазылған хабарламада. 

Күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталау) бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді.

“Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілетін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылады”, – деп жазылған хабарламада. 

"Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен күнбағыс майын әкетуге енгізілген сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылғанын атап өткен жөн.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу