Қазақстан ауыл шаруашылығын дамыту үшін шетелдік компанияларға қолдау көрсетуге дайын

655

Қазақстан шетелдік компаниялардың елдегі өкілдерін барынша қолдауға дайын. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Іскерлік кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан ауыл шаруашылығын дамыту үшін шетелдік компанияларға қолдау көрсетуге дайын

Рахметуллиннің айтуына қарағанда, қазіргі әлемдік жағдайда сауда-экономикалық ынтымақтастық, шетелдік әріптестермен инвестициялық ынтымақтастық Қазақстан үшін аса маңызды. 

Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы өте өзекті. Қазақстан ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқара алады. Жаңа технологиялар негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі. Яғни Қазақстан қажетті ресурстық базаны, нарықтарға қолжетімділікті және осы секторда мемлекеттік қолдау ұсына алады.

"Әлемде түбегейлі өзгеріс байқалып отыр. Жаңа сын-қатерлер, өңірлік қақтығыстар, өндіріс пен жеткізу тізбегінің бұзылуы туындады. Дегенмен әрбір дағдарыс қиындықты еңсеру үшін халықаралық қоғамдастықты ынталандырады", – деп атап өтті Рахметуллин.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Іскерлік кеңесінің бесінші пленарлық сессиясы және жетінші бизнес-форумы өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу