Қазақстан авто нарығының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді

1073

Жергілікті өндірушілердің көлік түрлерін көбейтуі мен жеңілдікпен несиелеуге қосымша қаржы бөлінуі нарықта жағымды динамика қалыптастырды

Қазақстан авто нарығының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді

2019 жылғы отандық көлік нарығының қорытындыларымен "ҚазАвтоӨнеркәсіп" стратегиялық жоспарлау бойынша директоры Артур Мискарян бөлісті. 

Артур Мискарянның пікірінше, Қазақстан авто нарығының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. 

 "Биылғы жылдың қорытындысы бойынша біздің болжамымыз бұрынғыша болып қалады. Яғни авто көлік саудасы жыл соңына дейін 70 мың бірлік техника көрсеткішіне жетеді. 2019 жыл дағдарыстан кейінгі қалыпқа келу кезеңі болды. Жергілікті өндірушілердің көлік түрлерін көбейтуі мен жеңілдікпен несиелеуге қосымша қаржы бөлінуі нарықта жағымды динамика қалыптастырды",– деді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" стратегиялық жоспарлау бойынша директоры.

Сонымен қатар Артур Мискарян көлік нарығын қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар туралы ойымен бөлісті. 

"Мемлекеттік органдарға 2 жыл импорттық көліктер сатып алуға тиым салынған. Өтіп бара жатқан жылы қабылданған бұл шаралар мемлекет отандық өнімдерді таңдайтын тұтынушылар мен қазақстандық өндірушілерді қолдауға дайын екенін көрсетеді",– деді Артур Мискарян. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу