Қазақстан азаматтары 5,7 трлн теңгенің мүлкін жария етті

799

Қазақстан азаматтары 5,7 трлн теңгенің мүлкін жария етті

Мүлікті жария ету акциясы аясында 5,7 трлн теңгенің активі заңдастырылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында мүлікті жария ету акциясының қорытындысы туралы баяндама жасаған ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Акцияның мүмкіндіктерін елдің 140 мыңнан астам азаматы пайдаланды. Барлығы 5,7 трлн теңгенің активі заңдастырылды, оның ішінде ақшалай  4,1 трлн теңге және мүлік 1,6 трлн теңгені құрайды. Жылжымайтын мүліктің 151 мыңға жуық нысаны, сондай-ақ заңды тұлғалардың 213 үлесі жария етілді. Ақшаны жария ету үшін барлығы 11 821 шот ашылды. Біз күткеніміздей, акцияның соңғы айларында белсенділік артты. Активтердің 53 пайызы 2016 жылдың 4-тоқсанында жария етілген болатын. Бұл біздің болжамдарымызды растады", – деді министр.

Оның  айтуынша, бұған 2015 жылдың соңында қабылданған түзетулер ықпал еткен.

"Елдің ішіндегі активтер 5 трлн теңгеге, шетелдегі 700 млрд теңгеге жақын, олардың 614 млрд теңгесі ақшамен, 70 млрд теңгесі мүлікпен жария етілді. Жария ету көлемі бойынша жалпы көшбасшы Алматы қаласы - 3 трлн 981 млрд теңге, Астана қаласы  533 млрд теңге және Алматы облысы  390 млрд теңге болды", – деді Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу