Қазақстан азаматтары бірнеше елде QR-кодпен төлем жасай алады

425

Тізімде бірқатар ел бар.

Қазақстан азаматтары бірнеше елде QR-кодпен төлем жасай алады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Ұлттық банк банкаралық мобильді төлем жүйесін өзге мемлекеттердің төлем жүйелерімен интеграциялауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 19 шілдеден бастап бірыңғай QR арқылы төлем жасау жүйесі толық көлемде жұмыс істеп тұр.

"Сонымен қатар біз Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің басқа елдердің (БАӘ, ҚХР, Қырғызстан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Индонезия) ұқсас төлем жүйелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін трансшекаралық бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандықтар шетелде сатушының QR-кодын сканерлеу арқылы өздеріне үйреншікті банк қосымшасы арқылы қызмет ақысын төлей алады. Дәл осындай мүмкіндік Қазақстандағы шетел азаматтарына да қолжетімді болады", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу