Қазақстан азаматтары Иранда 14 күн визасыз жүре алады

409

Биылғы 11 қарашадан бастап Иран екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және нығайту мақсатында отандастарымыз үшін визасыз режим енгізбек.

Қазақстан азаматтары Иранда 14 күн визасыз жүре алады Фото: tolqyn.kz

11 қарашадан бастап қазақстандықтар іскерлік және туристік мақсатта Иранда 14 күн бойы визасыз жүре алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстандықтар Иранға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз бара алады. Біздің азаматтар жарты жыл ішінде бұл елде 42 күнге дейін визасыз жүре алады. Яғни 180 күн ішінде 14 күндік визасыз үш сапар жасайды деген сөз. Аталмыш елде ұзақ мерзім болу үшін виза қажет", - деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі. 

Спикердің айтуынша, Қазақстанға келгісі келетін Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін де осындай ереже қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу