Алтай Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Оңғұдай ауданындағы Белый Бом ауылының маңында жеңіл автокөліктің аударылуы салдарынан Қазақстанның 4 азаматы, соның ішінде 15 жастағы қыз жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, соның ішінде 15 жастағы қыз түрлі дәрежедегі жарақатпен Оңғұдай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары", – делінген хабарламада.
Жүргізіліп жатқан тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.