Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кету ұсынылды

568

Бұл туралы ақпарат елшіліктің Telegram арнасында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кету ұсынылды Фото: canva.com

Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. 

"Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін екі жерүсті бағытты, сонымен қатар коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын атап өтеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда қазақстандықтарда шенген визасы болуы керек, Молдоваға кіру үшін виза қажет емес", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу