Қазақстан азаматы Қырғызстанда ірі көлемде есірткімен ұсталды

101

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан азаматы Қырғызстанда ірі көлемде есірткімен ұсталды Фото: ҚР ҰҚМК

Қырғызстанда синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған. Күдіктіден 5 килограмм "альфа-PVP" синтетикалық есірткісі табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-бабы – "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың баламаларын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы ҰҚМК-нің тергеу изоляторында қамауда отыр. Есірткі тасымалын ұйымдастырушыларды анықтауға бағытталған қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, психотроптық заттарды және олардың баламаларын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу үшін мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу