Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарламайды - министр

734

"1,5 млн тонна біздің экспорттық бағытымыздың мәселесін шеше алады деп есептеудің өзі күлкілі".

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарламайды - министр

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Мұндай мәселелер бүгінде ұлттық компаниялар деңгейінде техникалық тұрғыда талқыланып жатқан шығар. Бірақ та, бұл қыркүйек айында мұнай жөнелту туралы келісімге қол қою деген сөз емес. 1,5 млн тонна біздің экспорттық бағытымыздың мәселесін шеше алады деп есептеудің өзі күлкілі", - деді ведомство басшысы. 

Министр бүгінде саладағы басты міндет Каспий құбыры консорциумының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Осыған дейін Reuters басылымына сілтеме беріп Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Ресей шекарасынан тыс, Әзербайжан арқылы экспорттай бастайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу