banner

Қазақстан Әзербайжаннан 23 тауар түрлерін импорттауды арттырады

848

Қазақстан Әзербайжаннан 23 тауар түрлерін импорттауды арттырады

Қазақстан Әзербайжаннан 23 тауар түрлерін импорттауды арттыруға мүдделі, деп хабарлады kaztag.kz.
Хабарда айтылғандай, ол Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) әзербайжандық экспорт пен инвестицияны ынталандыру қорына (Azpromo) табыс еткен материалдардан көрініс тауып тұр. 
"Әңгіме негізінен әр түрлі ауыл шаруашылық тауарлары туралы болып отыр, оның ішінде картоп, қызанақ, қияр, жаңғақ, алма, алмұрт, айва, өрік, шие, қызыл шие туралы болып отыр",  деп көрсетілген хабарда. 
Тізімге сонымен қатар шоколад, қант, темекі шикізаты, шараптар, күнбағыс майы, шәй, тоң май мен өсімдік майы, ациклды спирт еніпті. Қазақстан Әзербайжаннан әр түрлі құрылыс материалдарын: цементті, қара металлдан шығарылатын металлоқұрылғыларды, құбырларды, орамалық пакеттерді экспорттауға да мүдделі. 
ҰЭМ мәліметтерінше, Әзербайжан Қазақстанға импортталатын картопты, қызанақты, қияр мен корнишонды (енді пісе бастаған ұсақ қияр), тоң май мен өсімдік майын, тамаққа қосатын майды толығымен алмастыруға жағдайы бар.  
"Мысалы, министрлік мәліметтерінше, Қазақстан жыл сайын орташа алғанда $10,6 млн сомаға картоп импорттайды, ал Әзербайжаннан импортталатын картоп көлемі $8,3 млн бола алады", - делінген хабарда. 
"Қазақстан $56,6 млн сомаға қызанақ әкеледі. Ал Әзербайжан оның 87,5% -ын қанағаттандыра алады. Қияр мен корнишон бойынша ол көрсеткіш сәйкесінше, $10,4 млн және 78,8% болады, және тоң май мен өсімдік майы, тамаққа қосатын май бойынша, сәйкесінше - $15,9 млн және 76,1% болады", - дейді әзербайжандық тарап. 
Қазір ҰЭМ мәліметтерінше, Әзербайжаннан Қазақстанға әкелінетін осы тауарлардың әрқайсысы бойынша көлемі шамамен $100 мың ғана. 
Әзербайжанның мемлекеттік кеден комитетінің мәліметтерінше, 2017 жылғы қаңтар-маусымда тауар айналымы $74,5 млн құрады, оның ішінде Қазақстаннан импорт $60,7 млн болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу