Қазақстан Әзербайжаннан екі кеме сатып алады

184

Оның сыйымдылығы 780 контейнерге тең.

Қазақстан Әзербайжаннан екі кеме сатып алады Фото: Үкімет

Каспий хабы бойынша Ақтау және Құрық порттарын модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл соңына дейін Ақтау портында қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысының бірінші кезегі аяқталады. Жоба толық іске асырылғаннан кейін хабтың қуаттылығы жылына 240 мың контейнерге дейін жетеді. Ақтау портының акваторясын тереңдету, айлақтарды реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді ведомство басшысы.

Құрық портында "Саржа" көпфункционалды терминалының құрылысы жалғасып жатқаны да белгілі болды.

"Каспий теңізі арқылы контейнер тасымалын ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжаннан сыйымдылығы 780 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарланып отыр. Порттарға баратын теміржол желісінің де өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жұмыстар жасалып жатыр", – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министр бұл жобаларды іске асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін жеткізетінін баса айтты.

Бұдан бөлек Жаңаөзенді Түрікменстанмен қосатын автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу