Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде екінші орында тұр

47

Былтыр елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған. 

Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде екінші орында тұр Фото: freepik

Қазақстан ажырасу жағынан алғашқы үш елдің қатарына кіреді. Отандастарымыз да тұрмыс құрып, үйленуге асықпайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшыларының айтуынша, республика бойынша ең көп шаңырақ көтергендер жағынан Алматы көш бастап тұр: 13 мың жұп некесін заңдастырған. Ал Түркістан облысында отбасы құрғандар саны айтарлықтай аз. Сондай-ақ алғашқы үштіктің қатарында Астана да бар. Басқа өңірлермен салыстырғанда Ұлытау облысында ең аз неке тіркелген.

Десе де Ұлытауда ажарысулар саны да көп емес. Мысалы, Ұлытау облысында 198 ерлі-зайыпты ажырасса, Қарағанды мен Астанада 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған. Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Алматы қаласында тіркелді. 

Осылайша, ажырасу саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан екінші орында тұр. Бұл тізімде көш бастап тұрған Мальдив аралдарында ажырасу көрсеткіші тіпті жоғары. Статистика бойынша алғашқы ондыққа Ресей, Беларусь, Қытай, Молдова, Украина, Литва, Кипр және АҚШ кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу