Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 2027 жылға қарай жылына 7 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл мәлімдеме Бакуде өтетін Әзербайжан-Қазақстан үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 21-отырысында айтылды.
2023 жылдан бері БТД құбыры арқылы Қазақстан мұнайының 3,4 миллион тоннасы тасымалданған. Министрдің айтуынша, SOCAR мен "ҚазМұнайГаз" арасындағы ынтымақтастық сәтті дамып келеді, әрі тараптар транзит көлемін арттыру мүмкіндігін өзара тиімді шарттарда қарастырып отыр.
"2027 жылға қарай көлемді жылына 7 миллион тоннаға дейін арттыру және әрі қарай өсу жоспарлануда", – деді Парвиз Шахбазов.
Еске сала кетейік, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры 13 шілдеде 2006 жылы ашылған. Оның ұзындығы 1768 км, соның ішінде Әзербайжан аумағы – 443 км, Грузия – 249 км, Түркия – 1076 км.