Қазақстан балын Қытайға тасымалдау мерзімі кейінге шегерілді

1119

Қазақстан балын Қытайға тасымалдау мерзімі кейінге шегерілді

Қазақстан балының алғашқы легі Қытайға 2017  жылдың қаңтарында экспортталады. Бұл туралы  Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында  ҚР АШМ мал шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов мәлім етті, деп хабарайды Kapital.kz.

"Бал жөнінде келісімге қол қойылды. Алғашқы партиясы қаңтарда жөнелтіледі. Келісімшарт Шығыс Қазақстан облысымен жасалды", – деп атап өтті Еркебұлан Ахметов.

Бұдан бұрын баспасөз жиынында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева балдың алғашқы партиясы 2016  жылдың соңына дейін экспортталады деген болатын.

Отандық бал өндірісінің көлемі  2 мың тонна төңірегінде, алайда оны төрт есеге арттыру жоспарда бар.

Еркебұлан Ахметовтың айтуынша 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасы  ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін  1,3 есеге, 3,3 трлн-нан 4,3 трлн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламаны қаржылық қолдауға 5 жылда 2,4 трлн теңге бағытталмақ, оның  2,1 трлн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу