Қазақстан банктерінде 14,2 млрд қолма-қол рублі бар

484

Ал, валюта айырбастау пункттерінде 507,3 млн рубль жиналып қалған.  

Қазақстан банктерінде 14,2 млрд қолма-қол рублі бар Фото: halyq-uni.kz

Бұл туралы Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасап LS порталы жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қараша айының басында қазақстандық банктердің шұғыл ақпаратына сәйкес 14,2 млрд рубль қолма-қол ақша жиналған. Бұған дейін Ұлттық банк қаржы ұйымдарына қолма-қол рубльді Қазақстаннан шығаруға рұқсат беретін заң нормасы талқыланып жатқанын жария еткен болатын.

Оған сәйкес, банктерге қолма-қол рубльді қолма-қол емес формаға айналдырып корреспонденттік шоттарын толтыруға рұқсат берілетін болады.  Ұлттық банктің дерегі бойынша қазан айындағы Қазақстанда банктерінде қолма-қол 10 млрд рубль, айырбастау пункттерінде 400 млн рубль жиналған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу