"Қазақстан Барысында" Қарағандының намысын қорғайтын балуандар анықталды

1380

Ұлытау ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында "Сарыарқа Барысы" облыстық турнирі өтті. 

"Қазақстан Барысында" Қарағандының намысын қорғайтын балуандар анықталды

Бекзат Ахметбеков және Ерсін Мұхаметжанов "Қазақстан Барысы-2019" сайысында Қарағанды облысының намысын қорғайды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ұлытау ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында "Сарыарқа Барысы" облыстық турнирі өтті. Бұл "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне іріктеу жарысы болды. 

Облыстық турнирге 185 балуан қатысты. Абсолюттік салмақ санатында Нұра ауданынан келген Бекзат Ахметбеков мықтылығын танытты. Қарқаралы қаласынан келген Ерсін Мұхаметжанов күміс жүлдені иеленді. Олар 8 маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін "Қазақстан Барысы-2019" додасында облыс намысын қорғайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу