"Қазақстан барысының" қола жеңімпазына Ақтау қаласынан пәтер берілді

1215

Нұрдәулет Жарылғапов өңірде "Қара бура" деген атпен танымал. 

"Қазақстан барысының" қола жеңімпазына Ақтау қаласынан пәтер берілді

Маңғыстау облысында "Қазақстан барысы" турнирінің қола жүлдегері Нұрдәулет Жарылғаповқа Ақтау қаласынан пәтер сыйға тартылды. Бұл осы жарыс басталғаннан бергі он жыл ішіндегі өңір палуаны әкелген алғашқы жеңіс екен,– деп жазды inbusiness тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Қазақстан барысы" республикалық турниріне өңір атынан қатысқан Нұрдәулет Жарылғапов пен Жасұлан Таңатовты және қазақ күресінен жаттықтырушы Қайрат Бурбасовты аймақ басшысы Серікбай Трұмов қабылдаған. Сонымен қатар, кездесуге  облыстық "Қазақ күресі федерациясыныңпрезиденті Аббат Өрісбаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев қатысқан. 

Облыс әкімі маңғыстаулықтардың атынан Н.Жарылғаповқа Ақтау қаласынан пәтер, ал оның жеке бапкері Қайрат Бурбасовқа 1 млн теңгенің сертификатын табыс етеді.

Белгілі болғандай, "Қара бура" деген атпен танымал палуан тіршілік қамымен күресті қойып та кеткен екен. Ел азаматтары өнерлі жерлестеріне көмектесіп, қайтадан спортқа оралуына қамқорлық жасайды.

Айта кетейік, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген турнирге республиканың 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысқан болатын. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу