Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде Ресейден жоғары тұр

653

Елімізде терроризм және экстремизм бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар саны бір жылда 20% өскен. 

Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде Ресейден жоғары тұр

Бейбітсүйгіш елдер рейтингінде Қазақстан 163 елдің арасында 67-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде экстремизм және терроризммен байланысты 139 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,8% артық.

2020 жылы 6 айда осындай 116 құқықбұзушылық тіркелген, бір жылда минус 41,1%.

Биыл аталған құқықбұзушылықтар санының өсуі алғаш рет тіркелді. 
2017 жылдан 2020 жылға дейін мұндай құқықбұзушылықтар саны аз еді. 

Экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тіркелді: 18 дерек – өткен жылмен салыстырғанда 18,2% аз.

Сонымен қатар үздік үштікке Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы да енді. Мұнда 16 құқықбұзушылық тіркелген, бір жылда экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылық дерегі 2 есе өскен.

2021 жылы ең аз құқықбұзушылық Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болды: 1 дерек бойынша.

Сектордағы құқық бұзушылықтар бойынша ең көп тіркелген бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырумен байланысты: 48 дерек. Өткен жылы да осынша дерек тіркелген.

"Танымал" құқық бұзушылықтардың арасында терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оған қатысу бар.

Биыл бейбітсүйгіш елдер рейтингінде Қазақстан 163 елдің арасында 67-орынды иеленді.

Еліміздің индексі – 1,94 . Индекс неғұрлым жоғары болса, мемлекет соғұрлым бейбітсүйгіш болып саналады.

Бейбітшілік индексі соғыстың болу-болмауын ғана емес, сонымен қатар зорлық-зомбылық, одан қорқу деңгейін, қауіпсіздік және қақтығыс пен милитаризацияны да ескереді.

Рейтингте ТМД елдері арасында Молдова жоғары тұр – 59-орын.

Сондай-ақ тізімде Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Беларусь, Әзербайжан, Украина және Ресей 
Қазақстаннан төмен тұр.

Үздік үштікте Исландия, Жаңа Зеландия, Дания тұр. Рейтингті Ауғанстан қорытындылайды.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу