Қазақстан Беларуське тауардың 60 түріне экспорт көлемін арттырады

833

Екеуара ынтымақтастық мәселелерін қорытындылаған жиын Минскіде өтті. Онда экономикалық көрсеткіштермен қатар әлеуметтік, мәдени салалардағы өзара байланыс сөз болды.

Қазақстан Беларуське тауардың 60 түріне экспорт көлемін арттырады

Қазақстан мен Беларусь алыс-берісті еселеп арттырады. Осы елдегі төтенше және өкілетті елшіміз Ермұхамет Ертісбаев жылды қорытындылған баспасөз мәслихатында алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды 24.kz.

"Үкіметаралық комиссияда маңызды шешім қабылданды. Импортты алмастыру негізінде Беларусьте Қазақстанның 60 түрлі тауарына жаңа нарық ашылады. Жуырда Президенттің тапсырмасы бойынша Минскіде қазақ мәдениетінің күндері өтті. Келген қонақтарды Тілендиев атындағы мемлекеттік симфониялық және фольклорлы-этнографиялық оркестр өз өнерімен таңдай қақтырды. Сол кезде Беларусь жұрты қазақ мәдениетіне ғана емес, жалпы Қазақстанға қызығушылықтары жоғары екендіктерін байқатты", – дейді Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Ермұхамет Ертісбаев. 

Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, тараптар арасындағы серіктестік көбінесе құрылыс материалдары, машина жасау мен металлургия, фармацевтика, химиялық және азық-түлік өнеркәсіп саласында дамыған. Өткен жылдың өзінде екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 65 пайызға дейін өскен.

"Таяуда ғана қазақстандық әріптестерімізбен экономикалық ынтымақтастық тұрғысында бірнеше жобаны қолға алдық. Енді өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кооперациясын, сондай-ақ IT индустриясын дамытуға ниет білдіріп отырмыз.  2018 жылдың басынан бері Беларусьтен Қазақстанға импортталатын тауар көлемі 10 пайызға артып, 437 млн долларға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр",  – дейді Беларусьтің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу