Қазақстан Берлинде өтетін халықаралық туристік көрмеге қатысады

579

Мәдениет және спорт министрлігі  2023 жылғы 7-9 наурызда Германияның Берлин қаласында өтетін ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстан Берлинде өтетін халықаралық туристік көрмеге қатысады Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін ITB Berlin 2023 көрмесіне қатысуға тіркеу 2023 жылдың 13 қаңтарына дейін жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға ұйымдастырушы стендте орын беруге және визалық қолдауды уақтылы қамтамасыз етілмеуі мүмкін.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін, яғни,   13 қаңтардан кейін қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда ұйымдастырушы қатысушыны келесі көрмелерге қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.

Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыра алады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу