Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек

268

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек Фото: freepik

Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған.

Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.

Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы импорттай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу