Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеуді алып тастады

695

Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрығы күшіне енді. 

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеуді алып тастады

Бүгінен бастап астық пен ұн экспортына енгізілген шектеулер алынып тасталды. 

Осылайша, енді отандық өндірушілер тауарын шетелге шектеусіз сата алады. Бұл шектеу осы жылдың 8 шілдесінде енгізілген болатын.

Онда астық экспортына квота – 550 мың тонна, ал ұнға – 370 мың тонна деп белгіленген еді. Енді әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанып, еліміздің биылғы өнімге деген болжамы жақсы болғандықтан шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданып отыр.

Айта кетсек, қазір барлық облыста егін жинау жалғасуда. Соңғы мәлімет бойынша, 13,5 млн тонна астық бастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу